RU
Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды
Жаңалықтар Пресс-релизы

Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» ұлттық спорт түрлері фестивалінің батыс аймақтық іріктеу кезеңі басталды.

Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды

Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды
Source: UGC

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқарма басшысы Қарлығаш Рамазанова айтты.

Шілденің 27-сі мен 29-ы аралығында республикалық спорттық іс-шара аясында орталық Ипподромда және «Жекпе-жек сарайы» кешенінде бірқатар жарыстар өтеді.

Оларға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының командалары, барлығы 160 спортшы қатысады.

«Олар үш күн бойына көкпардан, қазақша күрестен, тоғыз құмалақтан, асық атудан жарысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Мәдениет және спорт министрлігінің кубоктарымен және медальдарымен марапатталады», - деді спорт Комитет өкілі.

Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды

Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды
Source: UGC

Сонымен қатар, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Ибрагимов Нұрсұлтан Ақтөбе облысының спортшылары аударыспақ спорт түрлерінен алда екенін атап кетті.

«20-22 шілдеде Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында аударыспақтан, жамбы атудан, теңге ілуден жарыстар өткенін айта кетейік. Аударыспақтан 5 салмақ дәрежесі бойынша күштіні анықтауға 20 спортшы таласты және ең мерген спортшы мен теңге ілудің үздігі таңдалынды. Астанада өткен ойындар қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының командасы жамбы атудан 1-ші орын алғанын айта кетейін»,- деді Ибрагимов Нұрсұлтан.

Сондай-ақ, конференция барысында сөз алған Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов барлық қала тұрғындары мен қонақтарын шараны тамашалап, спортшыларға жанкүйер болуға шақырды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel