RU
Майонезден жасалған балмұздақ адамдардың жүрегін айнытты
Жаңалықтар Әлемде

Майонезден жасалған балмұздақ адамдардың жүрегін айнытты

Рассказать Вконтакте

Майонезден жасалған балмұздақ желі қолданушыларының жүрегін айнытты. Десерттің суретін Ice Falkirk шотландық дүкені өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Шотландиядағы Ice Falkirk дүкені желіге майонезден жасалған балмұздақтың суретін жүктеді. Олар фотоның астына “Майонезді жақсы көретін жандар бар ма?” деген жазба қалдырған.

Мұны көрген желі қолданушылары жүректері айнығанын айтып, бұл ең жиіркенішті балмұздақ екенін жеткізген.

Бір пікір қалдырушы “Мен бұл парақшаға шағым түсіремін. Балмұздақты осылай ластауға қалай дәттерің барды? ”,- десе, енді бірі майонезге қант қосуды ұсынған.

Желіде мұндай қызықтар көп кездесіп тұрады. Наурыз айында тартылған етке күнбағыс майын қосып, оған лимон қосып жеген әйел де желі қолданушыларының шамына тиген болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel