RU
Ол ұлы чемпион болады: Промоутер Головкиннің "ізбасарын" атады
Жаңалықтар Спорт

Ол ұлы чемпион болады: Промоутер Головкиннің "ізбасарын" атады

Рассказать Вконтакте

Америкалық промоутер Том Леффлер ұлы чемпион атануға қабілеті жетерлік боксшыны атады. Оның ойынша аталмыш боксшы "Головкиннің ізбасары" бола алады. Бұл туралы NUR.KZ порталы sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Геннадий Головкин. Фото: Prosport.kz

Геннадий Головкин. Фото: Prosport.kz

Промоутер 23 жастағы украиналық боксшы Сергей Богачукке (10-0, 10 КО) мақтауларын жаудырды.

"Богачуктің қабілеті жоғары. Абель Санчес — ол үшін жақсы жаттықтырушы. Мен оның қалай жаттығып жатқанын, Головкин мен Гассиевтен қалай үйреніп жатқанын көріп отырмын. Оны дәл осындай жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін.

Жаттығу лагерінде Богачук Головкимен, Гассиевпен және өзгелермен бірге жаттығады. Жас боксшылардың бокс майталмандарынан қашан да үйренері көп. Сергей олармен бірге жұмыс істеп, тез көтеріліп келеді. Адамдар Сергейдің рингтегі өнеріне тәнті болуда.

Себебі халық нокаутты ұнатады. Не себепті, Майк Тайсон соншалық танымал болды деп ойлайсыз? Себебі, ол бәрін нокаутқа жіберетін. Богачук нокауттарының арқасында Головкин секілді танымал бола алады деп ойлаймын. Оның ұлы чемпион атануға қабілеті бар", - дейді Леффлер.

Ол бұл пікірін Luckypunch.net сайтына берген сұхбатында ортаға салған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel