RU
Түркістан облысында жолаушылары бар "ГАЗель" мен жеңіл көлік соқтығысты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында жолаушылары бар "ГАЗель" мен жеңіл көлік соқтығысты

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында жеңіл автокөлік ішінде жолаушылары бар "ГАЗель" көлігімен соқтығысып, салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: © Photo: Depositphotos

Көрнекі фото: © Photo: Depositphotos

Жол көлік апаты Кентау – Түркістан тас жолының бойында болған. Жол көлік оқиғасы салдарынан "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болса, "Газель" автокөлінің ішінде болған 7 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлердің анықтағаны, "Ауди" автокөлігінің 1975 жылғы жүргізушісі рөлін басқара алмай қарсы бағытқа шығып, Кентау – Түркістан бағытына қарай келе жатқан 1987 жылғы азаматтың басқаруындағы жолаушылар тасмалдайтын "ГАЗель" автокөлігімен соқтығысқан.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімен Қылмыстық Кодекстің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары жүргізілуде" делінген Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі берген мәліметте.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel