RU
Екі аптадан бері іздеуде болған жеті жасар баланың денесі таудан табылды
Жаңалықтар Қоғам

Екі аптадан бері іздеуде болған жеті жасар баланың денесі таудан табылды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлері екі апта бұрын жоғалып кеткен жеті жасар баланың мәйітін тапты деп хабарлайды ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тауда табылды

27 шілде күні сағат 17: 40-та Жамбыл аудандық ІІБ полицейлері Ынтымақ елдімекенінен 8 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтан 14 шілде күні Алматы облысы, Жамбыл ауданында жоғалып кеткен 2011 жылғы балақайдың өлі денесін тауып алды.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, ТЖД өкілдері, әскерилер мен жергілікті тұрғындар қатысқан.

Естеріңізге сала кетсек, жеті жасар Ернұр Садуақас 14 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Ол өзге балалармен тауға кетіп, қайта оралмаған.

Бүлдіршінді тіпті тікұшақпен де іздеуге шыққан құтқарушылар Ернұрды аман-есен тауып алуға үміттенген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
45
4
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel