RU
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзендегі шағын аудандардың бірінде 26 шілде күні жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Кешкі сағат бес кезінде "Самал" шағын ауданының көше қиылысында Lexus және BMW көліктері соқтығысып қалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты (фото)

Фото: lada.kz

Соққының қатты болғаны сонша, көлік бөлшектері он метрдей жерге шашылған.

"Салдарынан бес адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған", — деп хабарлады Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Көлік апатынан қаза болған қыздың туыстарының сөзіне сүйенсек, Lexus жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда, қиылыстан өтіп кетпек болып, жол жүру ережесін бұзған.

Алайда полиция қандай да бір қорытынды жасауға асығар емес. Алда бірқатар сараптама жасалып, апатқа кім кінәлі екені анықталмақ.

Жол апатынан жалғыз өзі аман қалған жас жігіт жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
9
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel