RU
Астанада аударылған батут астында қалған балалардың ата-аналары кәсіпкерге кешірім берді
Жаңалықтар Қоғам

Астанада аударылған батут астында қалған балалардың ата-аналары кәсіпкерге кешірім берді

Рассказать Вконтакте

Астанада желден аударылған батут қожайыны жапа шеккен балалардың ата-аналарымен келісімге келіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Батут. Фото: "Астана - Что? Где? Когда?"

Батут. Фото: "Астана - Что? Где? Когда?"

Аса ауыр қылмысқа жатпағандықтан, мәселе медиация жолымен шешілуі ықтимал. Оқыс оқиға мамыр айында қаладағы сауда үйлерінің бірінің аумағында болған еді.

Кенеттен күшті жел тұрып, батутты көтеріп, 20 метр жерге дейін ұшырып әкеткен. Ал онда секіріп ойнап жүрген кішкентай бес бала ауруханаға жеткізілді. Төртеуі ауыр хәлде түскен еді.

Кейін анықталғаны, төтенше жағдай қызметі желдің күшейетіні туралы хабар таратқан. Бірақ батут инструкторлары оған мән бермепті. Соған байланысты, кәсіпкер Михаил Жұмабаев пен оның қызметкері Лаура Сыдығалиева кінәлі екендерін толық мойындап, материалдық және моральдық шығынды өтеп берген.

Адвокаттардың айтуынша, ата-аналар келісімге келуге қарсылығымыз жоқ, сотқа да қатысқымыз келмейді деп өтініш жазып жіберіпті. Бірақ мұны өз ауыздарынан естуім керек деген судья соңғы сөзді 31-ші шілдеге қалдырды.

"Бұл сотқа дейінгі тергеу кезінде жасалып біткен. Келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер тарапынан ешқандай наразылық жоқ. Біз қылмыстық істі тоқтатуды сұрап едік, бірақ іс сотқа жолданып кетті", - дейді адвокат Светлана Баубекова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
1
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel