RU
Астанада алапат өрттен зардап шеккен тұрғындар шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада алапат өрттен зардап шеккен тұрғындар шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Астанада алапат өрттен аман қалған тұрғындардың пәтерін енді су басып жатыр. Ашық-шашық төбеден сорғалаған су пәтерлерді бүлдіріп, қожайындарын мол шығынға батыруда деп хабарлайды КТК арнасы.

Өрт. Көрнекі фото: Day.Az

Өрт. Көрнекі фото: Day.Az

Сондықтан жұрт жаңбыр жауса үйлерін тастап қашуға мәжбүр. Баспананың шатыры жоқ. Өйткені, тура бір ай бұрын алапат өрттен кейін түгі қалмай жанып кеткен.

Төбеге жиналған су пәтер иелерін шырғалаңға салып жатыр. Осындай нөсердің кесірінен баспанасы бүлінгендердің бірі - Нұрғай апа. Бес қабатты үй салынғалы, яғни 20 жылдан бері осында тұрады.

Енді пәтерінің түсқағаздары ашылып, сылақтары құлап жатыр. Сол үшін уақытша бала-шағасын жағалап жүрген ол, күн бұлттана қалса, дереу үйіне қарай жүгіреді екен.

"Күн жауған уақытта жүгіреміз әрі-бері. Үйде ыдыс-аяқ та жетпейді. Ана жерден бір, мына жерден бір тамшылайды. Осы інде отырғандай отырмыз. Ешқандай жәрдем жоқ. Үйсіз қалатын болдық. Далада қалатын болдық", - дейді Нұрғай Туғанбекова.

Өзге тұрғындар да далада қаламыз ба деп уайымдап жүр. Өйткені, тездетіп, шатыр салмаса, үйдің қабырғалары сыз тартып, сөгілуі мүмкін дейді жұрт. Ал, кезінде элиталық болып саналған бес қабатты үйде 30 пәтер бар.

Пәтер иелері кооперативіндегілер болса, бұл шаруа күзге қалмайды деп сендіріп отыр. Айтуларынша, әкімдік «тұрғын үйді жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақша бөлген. Енді бұл қаржыға келесі аптадан бастап шатыр салына бастамақ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel