RU
Қазақстандықтар қажылыққа қамдана бастады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар қажылыққа қамдана бастады

Рассказать Вконтакте

Қажылыққа аттанатын отандастарымыз түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе салдыру үшін биыл квота ертерек бөлініпті. Себебі Сауд Арабиясында қазір жұқпалы дерттер дендеп тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қажылық. Фото: islam.ru

Қажылық. Фото: islam.ru

"Полимилит ауруын айтуға болады. Оның ішінде сары қызбаны айтуға болады. Сонымен қатар, тырысқақ немесе холера ауруы. Конгода обала лихорадкасы өршіп тұр. Ол Сауд Арабиясына жақын. Сондықтан қазақстандықтарға көпшілік ортаға барғанда жұқпалы аурудан сақтануды сұраймыз", - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының бөлім бастығы Айнагүл Қуатбаева.

Бес парыздың бірін өтеуге ниет білдіргендерге менингокок инфекциясына қарсы екпе салдыру міндеттелген. Сондай-ақ, маусымдық тұмауға қарсы вакцина да қажет.

Қажылыққа баратын әр азамат дәрігерлік анықтама алуы тиіс. Бүгінде денсаулық сақтау министрлігі Мекке мен Мединаға аттанатын отандастырымыздың медициналық тексерістен толығымен өтуін бақылауға алған.

Осы жылы үш мың қазақстандық үлкен сапар жасағалы тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 адамға көп. Алғашқы легі Қазақстаннан 8-9 тамызда шығып, қажылар мінген соңғы ұшақ елге 23-шы тамызда қайтады.

Мекке мен Мединаға аман-есен барып қайтуын діни басқарманың мамандары толық қадағаламақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel