RU
Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан
Жаңалықтар Әлемде

Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан

Рассказать Вконтакте

Жеті жасар қызды зорлап, аяусыз өлтірді деген күдікпен ұсталған Самара тұрғыны Николай Захаров баланың жерлеу рәсіміне қатысқан. Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Зорлық. Көрнекі фото: Hyser

Зорлық. Көрнекі фото: Hyser
Source: UGC

Күдікті тіпті қыз баланы іздеу шараларына да қатысыпты. Негізінде, ол кезде бүлдіршінді зорлап, тұншықтырып өлтірген еді.

Жас жігітті таныстары жақсы қырынан ғана біледі. Ашық жарқын, қақ-соғы жоқ деп сипаттайды. Алайда кейбіреулердің айтуынша, ол мектепте сабақты екіге оқыған.

23 жастағы Захаров қорқынышты фильмдерді жақсы көреді екен. Бұл оның әлеуметтік желіде жазылған топтарынан байқалып тұр.

Жеті жасар қыз 20 шілдеде ағасымен қырдыруға кетіп, із-түзсіз жоғалған. Ата-анасы бірден полицияға арыз береді. Баланы құқық қорғаушылар мен еріктілер түні бойы іздепті.

Келесі күні бүлдіршіннің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Қылмыс жасады деген күдікпен баланың көршісі ұсталып, жасаған қылмысын мойындады. Кейінірек сот ер адамды 21 қыркүйекке дейін қамауға алуға шешім қабылады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
6
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel