RU
Қорқып қаша жөнелді: Тау ішінде қаза тапқан алматылық баланың үрейін ұшырған не?
Жаңалықтар Қоғам

Қорқып қаша жөнелді: Тау ішінде қаза тапқан алматылық баланың үрейін ұшырған не?

Рассказать Вконтакте

Полиция Алматы облысында жеті жасар баланың жайлаудан жалғыз өзі кетіп қалып, адасып, тау ішінде қаза болуының себебін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ернұр. Фото: bnews.kz

Ернұр. Фото: bnews.kz
Source: UGC

"Жоғалып кеткен бала достарымен бірге бір шопанның балалардың біреуін ұстап, сілкіп жібергенін көрген. Бақташы ер бала ұялы телефонын ұрлап алды деп ойлап, мойындатқысы келген екен.

Мұны көрген баланың зәресі ұшып, қаша жөнеледі. Ал қалған төртеуі басқа бағытта кетеді. Тауды жақсы білмейтін жеткіншек адасып кеткен", — деп мәлімет берді Алматы облысы ішкі істер департаменті.

Алайда полиция малшы балаларға пышақпен қоқан-лоққы көрсетті деген ақпаратты растамады.

2011 жылы туған бала 14 шілдеде төрт досымен жайлауға қыдырып барып жоғалып кеткен. Ол Ынтымақ ауылына Алматыдан қонаққа барыпты. Баланы екі апта бойы іздеген полиция оның денесін 27 шілдеде Ынтымақ ауылына жақын жерде тапты.

Сіздің реакцияңыз
5
2
2
9
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel