RU
Дәрігерлер Қызылордада зорланған тоғыз жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Дәрігерлер Қызылордада зорланған тоғыз жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қызылордада өз үйінде сексуалдық зорлыққа тап болған тоғыз жасар қыз бала емханада жатыр. Оған ота жасалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Емхана. Көрнекі фото: iz.ru

Емхана. Көрнекі фото: iz.ru

Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала емханаға орташа ауыр халде келіп түскен. Гинеколог-дәрігерлердің шешімімен оған ота жасалды. Бүгінде қыздың өміріне қауіп төнбеуде.

Жантүршігерлік қылмыс шілденің ортасында болған. Үш белгісіз ер адам үйге баса көктеп кіріп, тоғыз жасар қыз бен оның анасына тап береді. Қылмыскерлер екеуін де аяусыз зорлаған.

Қызын қорғамақ болған әйелді зорлаушылар соққыға жығып, өлтіріп тастайды. Ал қыз бала тірі қалған. Үйдің отағасы қылмыс болған сәтте жұмысында болған.

Күдіктілердің тек біреуі қамауға алынды.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
6
19
12
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel