RU
Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов туралы бірқатар ақпаратты назарға ұсынған 31 арна тілшілері сонау Байқоңыр жақтағы Арман Құдайбергеновтың балалық шағы өткен ауылына барып, әкіммен де, сабақ берген мұғалімдермен де тілдесіп көрді.

Арман. Фото ашық дерек көзінен алынды

Арман. Фото ашық дерек көзінен алынды

Ресейдің еншісіндегі Байқоңыр қаласын жағалай орналасқан Төретам, Ақай деген ауылдар бар. Чемпионға пышақ салып, ажал құштырды деп басты күдікке ілінген 24 жастағы Арман Құдайбергеновтың бала күні осы қос ауылда өткен.

Ақайда туылғанымен, Төретамдағы №85 мектепте жетінші сыныбына дейін білім алған екен. Бірақ бұл ауылдарда күдіктімен көрші тұрдық, не болмаса танимыз деген жан табылмады.

Есесіне, оқыған мектебіндегі ұстаздар Арманның аты қылмысқа қатысты шыққанда жағамызды ұстадық деп отыр.

"Оқушы оқыған кезінде мінезі, тәрбиесі бәрі жақсы болды. Жақсы жағынан көрініп жүрді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрді", - дейді №85 орта мектептің іс жүргізушісі Нұрбибі Ықыласова.

Бүгінге дейін Арман Құдайбергенов Байқоңыр қаласында әкесімен ғана тұрған дейді мұғалімдер. Жетінші сыныптан Тоғызыншы сыныпқа дейін Байқоңыр қаласындағы мектепте оқыған. Одан соң, Алматы, Астана қалаларында жұмыс істеп жүрді дейді тұрғындар.

Әкім 11600 адам тұратын ауылда жастарға барлық жағдай жасалған дейді. Айтуынша білім жағынан да ауыл алдыңғы қатарлардан көрініп жүр.

Ал Арманның бұл іске күдікті болып табылуына кейін Алматы, Астанада жүрген шағындағы үлкен қалалардағы қым-қиғаш тіршілік, болмаса араластын ортасы әсер етуі мүмкін дейді әкім де, мектеп ұстаздары да.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
8
15
6
0
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel