RU
Альварес Головкинмен бірге баспасөз жиынын өткізуден бас тартты
Жаңалықтар Спорт

Альварес Головкинмен бірге баспасөз жиынын өткізуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварестің командасы Геннадий Головкинмен жекпе-жегі алдында дәстүрге сай баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауль Альварес. Фото: Getty Images

Сауль Альварес. Фото: Getty Images

Боксшы бұл әрекетін Los Angeles Times журналистеріне түсіндіріп берді. «Канело» баспасөз жиыны өткен жылы өтіп қойғанын алға тартып, Головкинмен баспаөз жиынында тағы да жүздесуді артық санайтынын айтуда.

Альварес ол үшін бірінші кезекте жиын емес, жекпе-жекке дайындық тұрғанын сөз еткен.

"Маған баспасөз жиындары ұнайды ма? Маған жаттығулар мен жекпе-жектер ұнайды", - дейді мексикалық боксшы.

Еске салсақ, Альварес пен Головкиннің екінші жекпе-жегі Лас-Вегаста 15 қырқүйек күні болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel