RU
Шымкентте көлік ұрылары қылмыс үстінде полицияға ұсталып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте көлік ұрылары қылмыс үстінде полицияға ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте көлік ұрысы қылмыс үстінде полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл туралы Шымкенттің Жергілікті полиция қызметі хабарлады деп жазады Оtyrar.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте

Шымкент қаласының орталығындағы Бейбітшілік көшесінде белгісіз екі адам аулада тұрған көліктердің бірін тонап кетпек болған. Қаскөйлер Mercedes маркілі көлігінің артқы есігін ашып, ішінен құнды заттарды іздестіре бастапты.

Осы сәтте аймақты шолып жүрген Жергілікті полиция қызметінің инспекторы оқиғаның үстінен түскен.

"Полиция қызметкерін байқап қалған қаскүнемдер жан-жаққа қаша бастайды. Инспектор олардың бірін қолға түсірді. Ол елімізде жүрген Қырғызстан азаматы болып шықты", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

1993 жылғы ұсталған азамат өзінің сыбайласымен бірге көліктің есігін бұзып жатқанда бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Екінші күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel