RU
Ресей Қостанай облысы аумағына зымыран бөлшектерін құлатуы мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

Ресей Қостанай облысы аумағына зымыран бөлшектерін құлатуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мен Ресей қосымша келісім жасап, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшып шығатын зымырандарды құлату аумағын анықтайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ресей Қостанай облысы аумағына зымыран бөлшектерін құлатуы мүмкін

Ресей Қостанай облысы аумағына зымыран бөлшектерін құлатуы мүмкін

Әңгіме жаңа траекториямен ұшатын OneWeb желісінің спутниктері бар "Союз" зымырандары жайлы болып отыр.

Ресейлік БАҚ зымыран құлататын аумақ ретінде Қостанай облысының Жангелдин ауданы және басқа да жерлер қарастырылуы мүмкін екенін жазды.

Бұған дейін бірқатар басылым Ресей мен Қазақстан тараптары арасында келіспеушілік туындағанын хабарлаған болатын.

Қазақстан қалдықтарды құлатуға жаңа аумақ беруді қажет деп таппағаны, ал бұл Роскосмос пен OneWeb келісімшартына қауіп төндіргені аталып өтті.

Дегенмен кейінірек "РИА Новости" Роскосмос баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарғанын хабарлады. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Аэроғарыш комитеті де OneWeb-пен келісімшарт үкіметаралық келісім жасасқаннан кейін орындалатынын мәлімдеді.

Өткен жылдың жазында Жезқазған маңында "Союз-2.1а" зымыран тасымалдаушы бөлшектерінің құлауы салдарынан жазық дала өртенді. Өрт салдарынан құлаған зымыран бөлшектерін жинап жүрген екі қызметкер көз жұмды. Өрттің шығуына аптап ыстық пен күшті жел себеп болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
3
4
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel