RU
Астанада жүргізуші куәлігі жоқ азамат велосипедшілерді қағып өткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада жүргізуші куәлігі жоқ азамат велосипедшілерді қағып өткен

Рассказать Вконтакте

Елордада жүргізуші куәлігі жоқ көлік жүргізушісі веложолға шығып, велосипедшілерді соғып кетті. Бұл келеңсіз оқиға туралы атақты қазақстандық шоумэн және Астана футбол федерациясының басшысы Малик Хасенов өзінің Facebook парақшасына жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада жүргізуші куәлігін айырылған азамат велосипедшілерді қағып кетті

Астанада жүргізуші куәлігін айырылған азамат велосипедшілерді қағып кетті

Малик Хасеновтың айтуынша, кешке ол достарымен бірге жақында ғана веложол салынған «Жасыл белдеуге» қарай велосипедпен серуендеуге шыққан.

Жылдамдықты асырған велосипедшілер жол көлік оқиғасына ұшыраған: бұрылыстан соң оларға қарсы «девятка» көлігі шыға келіпті.

Хасеновтың сөзіне қарағанда, ол бір досымен бірге шұңқырға құлап кетіп, жолдары болған.

Алайда үшінші адамға ол сәттілік бұйырмапты: ол автокөліктің "капотына" соғылып, бір айналып түсіп, сосын велосипедпен бірге шұңқырға түскен.

"Біз жүгіріп келдік те, шынымызды айтсақ, бәрі бітті деп ойладық. Абырой болғанда, соққы оның "шлеміне" тиді. Біз алғашқы көмек көрсеттік те, бірден жедел жәрдем мен жол полициясын шақырдық. Жедел жәрдем оқиға орнынан қашықта орналасқанымен, тез келді", - деп түсіндірді астаналық тұрғын.

Зардап шегушіге қабырға мен иық сүйектерінің сынуына және өзге де жарақатына байланысты диагноз қойылды.

Сонымен қатар, Хасеновтың айтуынша, полиция қызметкерлерін бірнеше сағат күтуге тура келген.

"Біз 102-ге хабарласудан шаршап, келетінінен күдер үзгеннен кейін, қазақтардың ең оңайлы әдісіне көшіп, басшылықпен тілдестік. Біз сәл болмағанда бір-бірімізді жоғалтып алуға қалдық, неге бұлай болды?", - деп жазды Малик Хасенов.

Оқиғаны ойша сараптай келе, велосипедші көңілге қонымсыз қорытынды түйген.

"Біз бүкіл ел болып азғындықтың тұңғиығына айналып бара жатырмыз, бұған тек мемлекет қана кінәлі емес. Біз бәріміз айыптымыз. Қазақтан керемет надан ұрпақ жалғасты. Олар қайдан пайда болады? Айдан емес қой енді? Олар бізбен бірге өсті. Біз бір нәрсені өзгертуіміз керек", - деді шоу-бизнес өкілі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel