RU
ШҚО-да болған жол апатында ер адамның басы жұлынып қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да болған жол апатында ер адамның басы жұлынып қалған

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған автокөлік пен оның маңында жатқан басы жоқ ер адамның денесі бейнеленген видео таралып, талқылануда. Бұл туралы Altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да

Бейнежазбадағы адамдар мәйіттің басын шөптің арасынан іздеп, таба алмай жүр.

Жол апаты қаланың шет жағындағы тас жолда орын алғаны байқалады. Көлікте қосылған әуендер әлі де ойнап тұр. Әйнектері шағылып, қауіпсіздік жастықшасы ашылып қалған екен.

Видео авторы көліктің артқы жағында балаларға арналған екі креслоның тұрғанын айтады. Бірақ көлікте ер адам жалғыз болған көрінеді.

Желі қолданушылары оқиғаның 26 шілде күні Зырян ауданына қарасты Прибрежный ауылының маңында орын алғаны туралы жазады.

Кейбір пікір білдірушілер ер адамның жол апатынан қаза болғанына күмәнданып, қасақана өлтірілді деген де болжам айтуда.

Осы оқиғаның анық-қанығын білу үшін Аltaynews.kz тілшісі Зырян ауданының жергілікті полиция қызметімен байланысқа шықты. Алайда полиция қызметі басшысының орынбасары Дәурен Құстыбаевтың айтуынша, мұндай жол апаты Зырян ауданында тіркелмеген.

Енді Аltaynews.kz сайты жол апатының нақты қай жерде орын алғанын және Шығыс Қазақстанның өңірлеріне қатысы бар ма, алдағы уақытта анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel