RU
Жаңбыр, бұршақ жел: Қазақстанның екі өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Жаңбыр, бұршақ жел: Қазақстанның екі өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері ауа райының бұзылуына байланысты ескерту Ақмола облысы мен Астанада дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: ria.ru

Иллюстрациялық фото: ria.ru

Синоптиктердің мәліметінше, 30-31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метр болады, күндіз 30 шілдеде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ал өңірдің кей жерлерінде 31 шілдеде түнде қатты жаңбыр күтіледі.

Астанада 30-31 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - секундына 15-20 метр дейін жетеді.

Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 80-85 пайыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel