RU
Балғынбек Имашев соңғы уақытта айтыстан неге көрінбей кетті?
Жаңалықтар Қоғам

Балғынбек Имашев соңғы уақытта айтыстан неге көрінбей кетті?

Рассказать Вконтакте

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев соңғы кездері сөз додасынан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Балғынбек Имашев

Балғынбек Имашев

Ақынның сөзінше, қазір айтысқа дайындалуға уақыты да жоқ екен, оның үстіне сөз жарысында айтысатын қатарластары да қалмапты

"Біріншіден, қазір айтысқа дайындалуға қолым тимейді. Алайда дайындалмай барып, бір айтысқа қатыса салсам да, қазылар алқасының бәрі танитындықтан, түк айтыспасам да, бәрі он (ұпай – Sputnik) көтереді. Тоғыз қоюға ұяла ма, білмеймін (күлді). Бірақ айтысым онның емес, сегіздің айтысы, өзім білемін, іштей сеземін.
Былайша айтқанда, "бетім" жұмыс істеп кетті. Содан кейін жақсы айтысып тұрған жас балаларға қиянат болады ғой деп, жол берейін деп шештім. Екіншіден, қатарластарымның арасында қазір айтысып жүргендер бірен-саран. Бес саусақпен санасам, беске жеткізе алмаймын. Көбісі жастар. Сондықтан да әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс. Әрине, әртүрлі себептер болды, негізгі себеп жаңағы екеуі", - деді айтыскер ақын.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel