RU
Өзбекстан билігі төсек қатынасын эфирден көрсеткен телеарнаны жауып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстан билігі төсек қатынасын эфирден көрсеткен телеарнаны жауып тастады

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан билігі Самарқан қаласындағы жекеменшік STV телеарнасын "көргенсіздік пен зорлық-зомбылық" хабарларын таратқаны үшін жапқан деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасаған Азаттық.

Көрнекі фото: TVnews.by

Көрнекі фото: TVnews.by
Source: UGC

Агенттіктің мәліметінше, Самарқандағы STV телеарнасының жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылып, Ташкенттегі Sevimli телеарнасына қатаң ескерту жасалған.

Ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұған себер телеарна материалдарында "көргенсіздік пен зорлық-зомбылық көріністері" бары анықталған.

Телеарна жұмысына мониторинг жүргізген шенеуніктер эфирден берілген кей фильмдер мен музыкалық клиптер "ұлттық менталитетке қайшы және жастар тәрбиесіне моральдық тұрғыдан зиянын тигізеді" деп тапқан.

Азаттықтың хабарлауынша, бұдан бірнеше апта бұрын Sevimli жекеменшік телеарнасы сексуалдық сипаттағы көріністері бар америкалық фильмді эфирден таратқаны үшін көпшіліктен кешірім сұрап, бірнеше қызметкерін жұмыстан босатқан.

Фильмдегі кейіпкерлердің сүйіскен сәті және бас кейіпкер әйелдің төсек қатынасы көрсетілетін тұстары сол қалпында эфирден берілген.

Осы үшін әлеуметтік желі қолданушылары телеарнаны қатаң сынға алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel