RU
Рамзан Қадыровтың тағы бір туысы лауазымды қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Әлемде

Рамзан Қадыровтың тағы бір туысы лауазымды қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Шешенстанның Грозный қаласының қалалық думасында қала әкіміне дауыс беріп, нәтижесінде Рамзан Қадыровтың туысы Ибрагим Закриевтің кандидатурасы бекітілді. Оны 27 депутаттың 23-і қолдаған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kavkaz-uzel.eu

Фото: kavkaz-uzel.eu

Закриев - Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың немере інісі (туған әпкесі Зулайдың ұлы). Ол осыған дейін республиканың бірінші вице-премьері болған, қаржы министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған.

Басылымның мәліметінше, бүгінгі күні Шешенстанда ел басшысының туыстарын лауазымды қызметке тағайындау қалыпты үрдіске айналды. BBC орыс қызметінің мәліметінше, елдегі шенеуніктердің 30 пайызы президенттің жақын туыстары немесе достары болып келеді.

Ал жоғары лауазымды шенеуніктердің 65 пайызы "Қадыровтың адамдары" болып есептеледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel