RU
Түркіменстанда оқушы қыздарға қыпшабел көйлек киюге тыйым салынды
Жаңалықтар Әлемде

Түркіменстанда оқушы қыздарға қыпшабел көйлек киюге тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда оқушы қыздар қыздар кең етекті ұзын көйлек пен дәстүрлі шалбар - балақ киюге міндеттелді. Оларға енді қыпшабел көйлек киюге тыйым салынған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтары қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: centralasian.org

Көрнекі фото: centralasian.org

Басылымның мәліметінше, жаңа оқу жылында қойылатын талаптар биыл сәуір айында министрліктегі жиналыста қабылданған. Қазір жаңа ереже мұғалімдер мен ата-аналарға ескертілген.

Ұстаздардың айтуынша, 20 шілдеден бастап мектеп басшылығы жаңа тәртіпті оқушыларға хабарлап жеткізе бастаған. Киім үлгісі міндетті түрде мектеп арқылы, келісілген кәсіпорындарға тіктіріледі.

Азатлыктың Дашоғыздағы дереккөзінің хабарлауынша, осындай нұсқау жергілікті мектептерге түскен.

"Биыл жаңа мектеп формасы енгізіледі. Бұл туралы мұғалімдерге нұсқау келді. Жаңа киім үлгісі 10 тамызда мектептерге жеткізіледі. Енді сынып жетекшілері оқушылардың үйлерін аралап, оларға ескерту жасауы тиіс. Кейбір облыс шенеуніктері жаңа киім кең көйлек, балақ және камзолдан тұратынын айтты", - деп хабарлады дереккөз.

Түркіменстандағы мектептерде ұлттық киім үлгісін кию міндетті саналады. Республикадағы орыс, түрік және басқа да ұлт өкілдері осындай киім киюі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel