RU
Қостанай облысында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында полицейлер 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне күдікті ер адамды ұстады деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда 18 жастағы бойжеткенді айуандықпен өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

Фото: Коллаж NUR.KZ

Жедел іздестіру және тергеу шаралары барысында Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері Дарьяның өліміне күдікті 26 жастағы жігітті ұстаған.

Күдіктінің кінәсі қылмыстық іс бойынша бірқатар дәлелдермен, оның ішінде тағайындалған сараптамалармен дәйектеліп отыр.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

Еске салсақ, Дарья 20 шілде күні жоғалып кеткен. Жүгіруге кеткен бойжеткен үйіне қайтып оралмаған. Екі күн өткен соң оның өлі денесін жақын маңдағы орманнан табылды.

Бойжеткеннің өліміне қатысты аса жауыздықпен өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
3
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel