RU
Қытайлық ару пластикалық отадан соң көзін аша алмай қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қытайлық ару пластикалық отадан соң көзін аша алмай қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Тайюань қаласы Шаньси провинциясының тұрғыны сәтсіз жасалған пластикалық отадан соң көзін аша алмай қалды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Annette Schneider-Solis / DPA / Globallookpress.com

Фото: Annette Schneider-Solis / DPA / Globallookpress.com

18 жастағы Сюабай көз қиығын өзгертетін пластикалық отадан кейін қиындыққа тап болды. Екі косметикалық процедурадан соң арудың көзі ісіп, ауыра бастаған. Дәрігерлер бұл қалыпты жағдай екенін айтып, екі-үш күнде ісіктің қайтатынын ескертіпті. Алайда арада бір жыл өтсе де бикештің көзінде өзгеріс болмаған.

"Сюобайдың көзінен жас тоқтамай ағады, тіпті, көзін ашып-жұмудың өзі қиындық тудырады. Ал кірпіктері мүлде керісінше өсіп жатыр, көзі де дұрыс көрмейді", -дейді әпкесі.

Өз кінәларын түсінген ақ халаттылар барлығын реттеу үшін Шанхайдан арнайы маман шақырыпты. Қыздың көзіне екі қосымша процедура өткізіледі деп жоспарлануда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel