RU
24 жастағы жігіт білім бөліміндегі "гейден" көрген қорлығын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

24 жастағы жігіт білім бөліміндегі "гейден" көрген қорлығын жайып салды

Рассказать Вконтакте

24 жастағы Данияр (ред: есімі өзгертілді) өзінің гей жігіттен көрген қорлығын жайып салды. Ол елімізге қарасты аудандардың бірінде білім бөлімінде жұмыс істейтін апталдай азаматтың өзіне жасаған ерсі әрекетін өкінішпен еске алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: El Big Data

Фото: El Big Data

Жергілікті аудандардың бірінде тілші болып жүрген Данияр осыдан екі жыл бұрын сұхбат алу үшін азаматтың үйіне барғанын жасырмады.

"Редакторымыздың тапсырмасымен ауылға сыйлы ақсақал жайлы ақпарат іздеп жүрдім. Білім бөлімінде жұмыс істейтін Арман (ред: есімі өзгертілді) өзінде ақсақал жайлы тың ақпараттары барын айтып, үйіне шақырды. Жұмыстан шығып, кешқұрым үйіне барған едім. Анасымен ғана тұрады екен. Үлкен кісі тамағын дайындап, асты-үстіме түсіп жатыр. Өзіме керекті мәліметтерді алған соң, аудан орталығына жетіп алмақ болдым. Алайда кеш түсіп кеткенін ескерткен ол, менің үйге қона салуымды өтінді. Еш арам ойым жоқ, келісе кеттім. Анасы Арман екеумізге қатарластырып төсек салып берді.

Түн ортасында бәленің бәрі басталды. Ұйықтап бара жатқаным сол еді, Арман келіп мені құшақтап, сүюге әрекет жасамасы бар ма?! Шошып, бір-екі рет ұрып жібердім. Сөйтсем ол, "Тыныш анам естіп қояды" дейді. Содан ашумен үйден шығып кеттім. Не істерімді белмеймін. Артымнан анасы да жүгіріп шығып, үйге кіргізіп алды. Алайда ол кісі болған оқиғадан хабарсыз. Не болғанын сұрап әлекке түсіп жатыр. Содан мен әлгі үйде таңға дейін көз ілместен отырдым", - деген Данияр болған оқиғаны ешкімге дәлелдей алмағанын айтты.

"Мен оның жазған "жаныма келші" деген секілді жазбаларын өшіріп тастадым. "Жақындарымның бірі оқып қояды ма" деп қорықтым. Ал ол жазбалар болмағасын, ешкімге болған оқиғаны дәлелдей алмаймын ғой.

Болған оқиғаны аудан әкімінің орынбасарына, ауданға белгілі адамдарға айттым. Алайда әлгі Арман маған ештеңені "дәлелдей алмайсың" деп қоқан-лоққы да көрсетті. Қазір көшеде жолығып қалсақ, менен басын алып қашатын болды.

Шынымды айтсам, мұндай жігіттердің білім бөлімінде білдей қызмет атқаратыны, балаларға тәрбие беретіні жаныма батады. Оның азғындық әрекетін жасап алып, тайраңдап жүргені, ал аудан басшыларының осы оқиғаға көз жұма қарағаны менің ашуымды келтіреді. Дер кезінде арыз жазбағаным үшін өкінемін, - деп жан сырын ақтарды азамат.

ЕСКЕРТУ! МАТЕРИАЛДЫ NUR.KZ порталының рұқсатынсыз көшіріп-басуға тыйым салынады!

Сіздің реакцияңыз
30
12
12
0
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel