RU
Алматыда Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны жоғалып кетті. 23 шілде күні үйінен шығып кеткен Жұматаев Наркен Ерболатұлы қайта оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы қоғам белсендісі Аружан Саин өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

"Алматы қаласының тұрғындары жоғалған кісіні табуға көмек беріңіздерші!

1985 жылы туған Алматы қаласының тумасы Жұматаев Наркен Ерболатұлы 23 шілде күні сағат таңғы 10-10.30-дарда Сайран автовокзалына қарама-қарсысындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері одан ешқандай хабар жоқ. Ұялы телефоны өшірулі.

Оның бойы - 185 см, ірі денелі. Көк джинса шалбар, көк көйлек киген. Төтенше жағдайлар қызметінде жұмыс істейді", - деп жазды Аружан Саин.

Көрген-білген адам болса, +7(701)-400-58-71, +7 (778) 950-31-48 нөмірлері бойынша хабарласуын сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel