RU
Хорватия президенті Әлем чемпионатында Лука Модричті көріп, көз жасын тоқтата алмаған
Жаңалықтар Спорт

Хорватия президенті Әлем чемпионатында Лука Модричті көріп, көз жасын тоқтата алмаған

Рассказать Вконтакте

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтау рәсімінде өзіне қолшатыр ұсынбағанын байқамаған. Ол ұлттық құрама футболшысы Лука Модричті көріп, жылай берген деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Dylan Martinez / Reuters

Фото: Dylan Martinez / Reuters

Колинда Грабар-Китарович футболдан әлем чемпиондарын құттықтау рәсімінде болған жағдай туралы ойын ашып айтты. Оның сөзінше, ол өзіне қолшатыр ұсынбағанын байқамаған да екен, тек Лука Модричке қарап, жылай беріпті.

"Луканың көзіне қарап, жеңіс үшін бәріне дайын болғанын түсіндім. Ол үшін және команда үшін жыламай тұра алмадым. Ал сол мезетте шашым мен түрім мені еш алаңдатқан жоқ", - дейді Хорватия көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан өткен әлем чемпионатының финалында Франция құрамасы Хорватияны 4:1 есебімен жеңген болатын. Ал жеңімпаздарды құттықтау рәсімінде нөсер құйған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel