RU
Санжар Мәди Денистің өліміне күдікті ретінде ұсталған қыз туралы мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Санжар Мәди Денистің өліміне күдікті ретінде ұсталған қыз туралы мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық актер Санжар Мәди өзінің желідегі парақшасында Денис Теннің өліміне үшінші күдікті ретінде ұсталған қыз туралы түрлі сыбыстарға нүкте қою үшін видео жазба жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Актер ұсталған бойжеткен қылмыстың куәгері емес керісінше сыбайласы екенін атап өтті.

"Қазір үшінші ұсталған күдіктіге қатысты түрлі пікірлер мен пікірталастар жүріп жатыр. Алайда олардың дені негізінен ойға қонымсыз. Барлығы оны қылмыс туралы хабарламағаны үшін тұтқындады деп қорқып жатыр. Алайда достар ол - куәгер емес, ол - сыбайлас. Сондықтан сізде қандай да бір ақпарат болса, қорықпай бөлісіңіз. Тағы да қайталап айтам ол - сыбайлас. Ол сол топта болған", - дейді актер.

Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілде күні Алматының қақ ортасында көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Спортшының өліміне күдікті ретінде екі ер адам ұсталса, Бас прокуратура Денситің өліміне қатысты үшінші күдіктінің де қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Ал кейін ол адамның нәзік жанды екенін де белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel