RU
Отандық психолог жігіттердің сезімін суытпаудың құпиясымен бөлісті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Отандық психолог жігіттердің сезімін суытпаудың құпиясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Отандық психолог әрі халықаралық деңгейдегі әйелдердің жаттықтырушысы Жанна Белозерова ер азаматтардың сезімін суытпаудың басты тәсілдерін ортаға салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мақтау. Көрнекі фото: Delfi

Мақтау. Көрнекі фото: Delfi
Source: UGC

Жаннаның пікірінше, көптеген ажырасулар бірінші кезекте әйелдердің ерлерін мақтай білмеуі себебінен болып жатады.

"Ер азаматтарды мақтап отыру маңызды. Егер ол өзінің жақсы әрекеті үшін сізден мақтау алмаса, келесі жолы бұл әрекетті қайталауға зауқы болмайды... Ер азаматтар мақтау сөз оларды қанаттандырып жататынын жасырмайды... Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы махабат кеңістігін қалыптастырады", - дейді Жанна.

Сонымен маман келесі тәсілдерді назарға ұсынды:

1. Не үшін мақтау керек?

Барлық жақсы әрекеті үшін мақтаңыз. Тіпті, қоқыс шығарғаны үшін де жылы сөз айтуды ұмытпаңыз.

2. Не үшін мақтау керектігін түсіну үшін өзіңізге тізім жасаңыз

Жақсылап ойланып, оның игі істері туралы тізім құрыңыз. Сол тізімді ойыңызда ұстап, дер кезінде мақтау жаудырыңыз.

3. Күтпеген жерден алғыс айтыңыз

Аяқ асты бір жақсы ісі есіңізге түскенін айтып, бұрынғы жетістіктері үшін мақтап қойып отырыңыз.

4. Эмоцияны ұмытпаңыз

Жай рақмет айта салмай, шынайы қуанышқа бөленгеніңізді байқатыңыз.

5. Жақсы энергияңызбен бөлісіңіз

Оны аймалап, жақсы көңіл-күйіңізбен бөлісіп отырғаныңыз абзал.

Екатерина Юлаеваның материалынан аударылды

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel