RU
Түркістан облысында жұмысқа келмейтін мектеп директоры сөгіс естіді
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында жұмысқа келмейтін мектеп директоры сөгіс естіді

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектеп директоры сөгіс естіді. Білім ордасы қызметкерлерінің айтуынша, ол жұмысқа кешігіп келіп, лауазымдық қызметінің арқасында қарамағындағыларға дөрекілік танытады екен. Бұл туралы rgmedia.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Түркістан облысында жұмысқа келмейтін мектеп директоры сөгіс естіді

Фото ашық дереккөздерден алынды

Қызметкерлер жұмыс уақытында директордың жұмысқа келмейтіні және педагогикалық кеңеске қатыспайтыны және лауазымдық қызметін пайдаланып дөрекі сөйлейтініне шағымданған.

Департамент жанындағы Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің араласуымен аталған мәселе зерделеніп, нәтижесінде бірқатар кемшіліктер дәлелін тапты.

Анықталған кемшіліктер қорытындысымен аудандық білім бөліміне ұсыныс беріліп, мектеп директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel