RU
Жамбыл облысындағы аурухананың адамшошырлық жағдайы жұртты шошытты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысындағы аурухананың адамшошырлық жағдайы жұртты шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облыстық жұқпалы ауруларға арналған аурухнаның жай-күйін көрген жұрт жағасын ұстады. Мекемеге төтесінен барып, тексерік жүргізгендер ауруханадағы былықтың бетін ашты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот

Бұл тексерісті облыс әкімінің орынбасары бастап барған. Ол аурухананың әр қуысын аралап шықты.

Әдетте бүлінген жерді бүркемелеп қоятын ақхалаттылар бұл жолы жыртығын жауып үлгермеген. Қоймадағы тағамдардың жарамдылығының мерзімге сай еместігі де, науқастан алынған сынамар сол жерде ұмыт қалғанын да тексеруге келген орныбасар түгелдей өз көзімен көрген.

Бұдан бөлек, жеделсаты істен шыққан. Осындай берекетсіздікке бой алдырған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері ақыры жұмыстан қуылды.

"Мекемеге тексеру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар нәтижесінде шағымда көрсетілген фактілердің барлығы расталып шықты. Осыған байланысты бас дәрігер өз еркімен жұмыстан босатылды", - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel