RU
Жер мен көктей: Айгүл Мүкей Қазақстан мен Ресейде аналарға берілетін төлемақыны салыстырды
Жаңалықтар Қоғам

Жер мен көктей: Айгүл Мүкей Қазақстан мен Ресейде аналарға берілетін төлемақыны салыстырды

Рассказать Вконтакте

Айгүл Мүкей Қазақстан мен Ресейдегі аналарға берілетін төлемақы мөлшерін салыстырып, жазба қалдырды. Бұл туралы жұлдыздың Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Үш ай бұрын екінші баланың анасы атанған Айгүл бүгінде Түркияда демалып жүр. Журналист Қазақстан мен Ресейде жаңа босанған әйелге қандай төлемақы берілетінін салыстырып көрді.

"Осында келе салысымен, ресейліктерді іздеуге кірістім. Олардың босанғаннан кейін қандай төлемақы алатынын білгім келді. Теледидардан Ресей билігі аналарға жақсы қамқор болатынын еститінмін. Соған көзімді жеткізе алдым.

Реселік әйелді әңгімеге тартқанымда, ол үшінші баласына 450 000 рубль төлемақы берілгенін айтты. Бұл теңгеге шаққанда шамамен 2 260 000 теңге. Одан бөлек Ресейде он сотық жер немесе оған сәйкес қаражат беріледі екен. Екінші балаға шамамен 270 000 рубль біржолғы жәрдемақы береді. Ал мемлекеттік қызметкерлерге жеңілдікпен ипотека беріледі.

Осылай, Қазақстанның аналары. Менімен сөйлескен әйел Қостанайға жақын орналасқан Челябинскіде тұрады. Алайда олармен арамыз жер мен көктей болып шықты... Одан бөлек біздің қыздар табысы болмағасын, айналдырған 80-90 мың теңге үшін бала көтеретінін естідім. Айырмашылығын сезініңіз. Осындай кедейшіліктен кейін біздің жігіттер көліктің айнасын ұрлап, чемпиондарды өлтіруде. Өкінішті", - деп жазған Айгүл.

Бұл жазба желіде қызу талқыға түсті.

"Біздің мемлекеттің байғұс әйелдері... Ешқандай жеңілдік жоқ, мардымсыз жәрдемақы. Мен төрт баланың анасымын. Тіпті мектепте тегін кітап бермейді, берсе тек бір балама ғана... Тегін тамақ та берілмейді", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Сіздің реакцияңыз
23
0
1
3
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel