RU
Әскерге борышын өтеуге кеткен 21 жастағы қазақ жігіті үйіне табытпен оралды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Әскерге борышын өтеуге кеткен 21 жастағы қазақ жігіті үйіне табытпен оралды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан -Түркіменстан шекарасына әскери борышын өтеуге кеткен сарбаз үйіне табытпен оралды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бақытбек Мырзамбеков. Скриншот 31 арнадан алынды

Бақытбек Мырзамбеков. Скриншот 31 арнадан алынды

Бақытбек Мырзамбековтың туыстарының айтуынша, әскери бөлімінің қызметкерлері 21 жастағы азаматтың жүрек талмасынан көз жұмғанын хабарлаған.

Бірақ қарулы күштер сапына сап-сау кеткен марқұмның жақындары балаларына әлімжеттік көрсетілгеніне сенімді. Өйткені, "денесінде көгерген іздері болды" дейді.

Қара жамылған отбасының мүшелері марқұмның дәрігерге шілденің тоғызынан бастап жүгінгенін айтады. Бірақ азаматқа көмек көрсететін жан табылмаған.

Алғашқы сараптама қорытындысы сарбаздың жүректің ишемиялық ауруынан көз жұмғанын анықтаған. Бірақ жақындары оның кісі қолынан қаза болғанына сенімді.

"Ауырып жатқан солдатқа ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Сол жаңағы әскери қызметкерлердің осындай қызметіне салғырт қарау мәселесінен мен інімнен айырылдым деп ойлаймын", - деді марқұмның ағасы Азамат Мырзамбеков.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
8
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel