RU
Алматыда жоғалған бойжеткенді анасы "Оңай" картасының көмегімен тауып алды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалған бойжеткенді анасы "Оңай" картасының көмегімен тауып алды

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны Ақмарал Ноғайбаеваны анасы "Оңай" картасының көмегімен тауып алған. Бұл туралы журналист Сәуле Әбединова өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналистің айтуынша, қызы жоғалып, жанұшырған ана полицейлерден еш көмек болмаған соң, қызының қайда екенін "Оңай" арқылы анықтауды жөн көрген.

"Естеріңізде болса, жоғалып кеткен Ақмарал туралы жазып едім. Арада 5-6 күн өткенде табылған еді. Әрине, табылғанына қуандық. Дер кезінде жазуға мұрша болмады. "Игіліктің ерте-кеші жоқ" деп, бүгін жазып отырмын. Себебі, "жаман айтпай, жақсы жоқ", бұл ақпараттың да болашақта біреу болмаса біреуге пайдасы тиіп қалар...

Ақмарал бірнеше күн қалада азып-тозып жүре берген. Анасының айтуына қарағанда, бет-аузы, үсті кір-кір дейді.

Полиция әдеттегідей, түк бітірмеген...

Анасы Сәулеш "Оңайға" барып өтініш айтқан. Қысқасы, Ақмарал "Оңай" арқылы табылды. Соңғы рет қай жерде қай маршрутқа отырғанын "Оңай" компаниясы бір-ақ сәтте анықтаған", - деп жазады Әбединова.

Өз жазбасында журналист, сонымен бірге, полицейлердің еш көмегі болмағанын да атап өтті.

"Анасы полицейге жазған өтінішінде "Оңай" карточкасы туралы, сол арқылы да іздеуге өтінішін айтып жазған екен. Полицейлер ол өтінішті не толық оқымаған, не шындап іздеуге құлқы болмаған... "Оңайдың" бір пайдасы осы екен. Жалпы, қаперде ұстайтын нәрсе екен", - деп жазды ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel