RU
"АЙ 92": Бензин атауын қате жазған бекет иелері ұятқа қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"АЙ 92": Бензин атауын қате жазған бекет иелері ұятқа қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысындағы әйгілі Алакөл туристік аймағында орналасқан бекеттегі жазба өңірге келген туристерді таң қалдырды. Олардың айтуынша, "И" мен "Й" әріптерін ажырата алмаған бекет қожайындары, аталмыш жазбамен көпшіліктің алдында ұятқа қалған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

ШҚО-дағы "Алакөл" туристік аймағына алғаш барған Арын есімді тұрғынның (авт. аты-жөні өзгертілді) айтуынша, "АЙ 92" деген жазбаны сол аймақтағы ауылдардың бірінің маңынан көрген екен.

"Негізі, айтуға да ұят екен. Бірақ бізді қойшы, Алакөлге алыс-жақын шетелдерден келген қанша туристерді көрдік. Солардың алдында ыңғайсыз ғой? Кәдімгі "И" әрпімен шолақ "Й"-дің арасында айырмашылық бар шығар? Бұл бекеттің қожайындары соншалықты сауатсыз деп ойламаппын. Бекет иелеріне үлкен сын, жазбаны алып тастамаса, туристердің алдында қарабет боламыз", - деді ел тұрғыны.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айтуынша, өңірге қонақ ретінде алғаш барған ол бекеттің нақты қай жерде орналасқанынан бейхабар екен.

"Біз барған елдімекенде жанар-жағармай бекеттері көп болғандықтан, оның қайсысы екенін нақты айта алмаймын. Осы мақала арқылы, бекет иесіне сәлем жолдағым келеді. Мүмкін өзі де оқып отырған шығар. Жазбаны жөндеп қойыңыздар, мыналарыңыз ұят", - деп қысқа қайырды тұрғын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel