RU
Жұрт екі апта бойы іздеген 7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған
Жаңалықтар Қоғам

Жұрт екі апта бойы іздеген 7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында көпшілік екі апта бойы іздеген 7 жастағы Ернұр Сәдуақас жоғалған күні түнде көз жұмған. Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коллаж: nur.kz

Коллаж: nur.kz

Ведомствоның мәліметінше, балақай 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, қайтыс болған. Мамандар мұндай қорытындыны медициналық сараптаманың ресми нәтижесінен кейін жасаған.

Ернұр жоғалған бірінші күні таулы аймақта жаңбыр жауып, күн салқындаған екен.

Сергей Незнаевтің мәліметінше, құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмапты.

Еске сала кетейік, 14 шілде күні із-түзсіз кеткен Ернұр Сәдуақастың денесі Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
12
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel