Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 17 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Семейде 17 жастағы бойжеткен үйінен шығып, хабарсыз кетті. Бойжеткеннің жоғалғанына жеті күн болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Устинка Live сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сымбат. Фото: ustinka.kz
Сымбат. Фото: ustinka.kz: UGC

Сымбат Мұқатаева Восточный ауылындағы үйінен 23 шілде күні шығып, хабарсыз кеткен.

Қызды полицейлер мен еріктілер іздестіріп жатыр. Басылымның жазуынша, белгісіз біреулер бойжеткеннің Ботагөз Балғабаева есімді құрбысымен шығып кеткенін айтқан.

Сымбаттың бойы 160 см, дене бітімі орташа. Шашы қара, көзі қоңыр. 23 шілде күні ол гүлді көк көйлек және алқызыл мокасины киіп шыққан.

Сымбаттың ерекше белгісі - ернінің төменгі оң жағында мең бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744823-sko-da-17-zastagy-bojzetken-zmbak-zagdajda-zogalyp-ketti/

pixel