RU
Зорлаушыны жақтағандар 16 жастағы зардап шегушінің суреттерін желіге жариялап жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Зорлаушыны жақтағандар 16 жастағы зардап шегушінің суреттерін желіге жариялап жіберді

Рассказать Вконтакте

Сексуалдық зорлыққа қарсы "Не молчи" қозғалысының басшысы Facebook парақшасында 16 жастағы зорлық құрбанының темекі шегіп, ішімдік ішкен сәтінен суреттерді жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Зардап шегуші. Фото: Facebook Dina Tansari

Зардап шегуші. Фото: Facebook Dina Tansari
Source: UGC

15 жастағы қызды зорлады деген айыппен қамауға алынған кәмелет жасқа толмаған жігітті жақтаушылардың қарасы көбейген. Олар қалалық және облыстық шенеуніктерден зардап шегуші қыздың ішімдік ішіп, мектептің әжетханасында темекі шегетініне баса назар аударуларын сұрауда.

Скриншот: Facebook Dina Tansari

Скриншот: Facebook Dina Tansari
Source: UGC

"Фотода 16 жастағы қыз. Оның айыптауымен бүгінде кәмелет жасқа толмаған жігіт уақытша оқшаулағышқа қамалған. Қыздың тәрбиесі көптеген сұрақтар туындататыны байқалады. Қыз бала мектеп әжетханасында сыра ішіп, темекі шегуден қымсынбайды, тіпті бұл әрекетімен белсенді түрде камераға түсіп жүр.

Оның (кәмелетке толмаған айыпталушы) еш кінәсі жоқ екенін бәрі түсінуде, тіпті тәртіп сақшылары да. Алайда фактілердің бәрі жігітті түрмеге отырғызуға бағытталып отыр", - дейді зардап шегушінің суреттерін таратушылар.

Айта кетсек, бұған дейін "Не молчи" қозғалысы зардап шегушінің тәртібі мен ашық-шашық киінуі зорлаушыны еш ақтай алмайтынын мәлімдеген болатын.

Фотоларды жария етушілерге қатысты Ақпарат және коммуникация министрлігіне олардың әрекетінің заңдылығын бағалау мақсатында сауал жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel