RU
Баян "Коровасын" түсіріп жүре берсін: Талғат Теменов Алагөзоваға шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян "Коровасын" түсіріп жүре берсін: Талғат Теменов Алагөзоваға шүйлікті

Рассказать Вконтакте

"Махаббат бекеті-2" фильмінің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзованың басы тағы да дауға ілікті. "Махаббат бекеті" фильмінің 1993 жылы нұсқасының авторы, режиссері Талғат Теменов өзіне бір ауыз ескертпестен фильм түсіруге кірісіп кеткен продюсерге шүйлікті деп хабарлайды abai.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Теменов пен Алагөзова. Фото-коллаж: NUR.KZ

Теменов пен Алагөзова. Фото-коллаж: NUR.KZ

Тіпті Теменов фильмді өзінің "Гүлназ" повестінің негізінде түсіргенін де жайып салды.

"Мен осы ақпаратты сол фильмді түсіріп жатқандардан емес, айдаладағы біреулерден естідім. Жасырмаймын, естіп таң қалдым. Тіпті, ұяттау болды. "Махаббат бекеті" ол - менің фильмім. Оны мен айтпасам да, көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Тіпті, керек десеңіз, мен "Махаббат бекеті" фильмінің режиссері, сценарий авторы ғана емес, повесттің де авторымын. Ол фильм менің повестімнің желісінде түсірілді. Басты рөлді сомдаған Баян сол кезде бірінші курсты аяқтаған студентім болатын.

Бұл не масқара? Менің көзім тірі. Мен соның жалғасын түсіре алмай жүргендіктен түсірмей жүргем жоқ. Шығарма өз биігінде қалуы керек. Олар бұны өнер жасайын деп түсіріп жатқан жоқ. Ақша табу мақсатында жасап жатыр. Сондықтан, керек болса Еуропалық, Бүкіләлемдік авторлық құқық қорғау ұйымдарына шығуға дайынмын", - деген автор осыған дейін Баянның өзіне бір рет хабарласқанын да жасырмады.

"Былтыр маған Баян хабарласты. Анау бір қайғылы оқиғадан кейін, ауруханадан шыққан кезі екен. Хабарласып, "Талғат Досымғалиевич, бір бомба дүние жасайық" деп, осы "Махаббат бекетінің" жалғасын түсіру туралы айтты. Әзіл-шыны аралас әңгімемізден кейін, "көрейік" деп қоя салдым. Ол менің көмекшіммен бір мәрте ғана сөйлескен. Біз фильм түсіруге келісімімізді бермедік.

Бұл - ұрлық. Интеллектуалды ұрлық. Мен - авторымын. Менің шығармама менің рұқсатымсыз неге тиседі? "Қазақфильм" пленканың иесі шығар. Бірақ, мен фильмнің режиссері ғана емеспін, сценарий авторымын. Мен повесттің авторымын. Менен рұқсат сұраған да жоқ. Естуімше, олар сол менің фильмімнің музыкасын да алыпты. Сол фильмнен кадрлар алған. Оған кім рұқсат берген", - деп ашуланды Теменов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
63
12
10
1
1
42
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel