RU
Нәзік жандылардың жүйкесін жұқартатын жігіттердің жеті жаман әдеті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Нәзік жандылардың жүйкесін жұқартатын жігіттердің жеті жаман әдеті

Рассказать Вконтакте

Нәзік жандылардың жүйкесін жұқартатын ер адамдардың жеті жаман әдетін asn.in.ua сайты назарға ұсынды деп жазады NUR.KZ порталы.

Жігіт. Көрнекі фото: AvtoBlog.ua

Жігіт. Көрнекі фото: AvtoBlog.ua

1. Бүкірейіп отыру

Қыздарға ұнағыңыз келсе, отырған кезде бүкіреймеуге тырысқаныңыз абзал. Жалпы өзіңіздің мүсініңізге көңіл бөлмегеніңіз, сізді әйелдердің алдында жалқау етіп көрсетеді екен.

2. Біреудің жеке кеңістігіне қол сұғуыңыз

Әйелдердің жеке кеңістігіне қол сұғып, оларды құшақтауға немесе қол жүгіртуге әуес болмаңыз.

3. Адамның көзіне тесіле қарау

Біреудің көзіне тесіле қарау арқылы өзіңізді батыл адам етіп көрсетемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Психологтар адамның көзіне бес секундтан артық тесіле қарамауға кеңес береді.

4. Қоғамдық орында өз келбетіңізге аса көп мән беру

Жұрттың көзінше айнаның алдында шашыңызды қайта-қайта тарап, түріңізді жөндей беретін болсаңыз, бұл қыздардың қытығына тиюі ғажап емес.

5. Қоғамдық орында талтайып отыру

Автобуста, метрода талтайып отырғаныңыз қыздарға ғана емес, барлық жолаушыларға жаға қоймас. Себебі жинақы отырсаңыз, тағы бір адамға орын табыла қоятын еді.

6. Іш киім кимеу

Күннің ыстығында іш киімсіз шорты кие салу жақсы ой емес. Сіздің әуретті жеріңіз абайсызда көрініп қалып жатса, бұл әйелдерді шошытып жіберуі мүмкін.

7. Әжетханадан кейін қол жумау

Әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды жумауды әдетке айналдырсаңыз, әйел атаулы сізден жиіркене бастауы ғажап емес.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel