RU
Теңге бағамы екі жылда алғаш рет 347-ге дейін түсіп кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Теңге бағамы екі жылда алғаш рет 347-ге дейін түсіп кетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік және күндізгі саудадан кейін ұлттық валюта бағамы долларына 347 теңгеге дейін жетті. Бұл көрсеткіш соңғы екі жылда алғаш рет тіркеліп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Доллар. Фото: prodengi.kz

Доллар. Фото: prodengi.kz

30 шілде күні таңертең доллар бағамы 346,98 теңге көлемінде болған. Өткен сауда қорытындыларымен салыстырғанда америкалық валюта 0,83 теңгеге қымбаттай түскен еді.

Ал күндізгі уақытта доллар бағамы 347,14 теңгеге дейін жетті. Екі сессияның нәтижесі бойынша, ұлттық валютаның орташа сараланған бағамы 347,06 теңге төңірегінде тоқтаған.

Мұндай көрсеткіштер тек 2016 жылдың тамызында байқалған болатын. Ал айырбас нүктелерінде, Kurs.kz мәліметіне сенсек, доллар құны 348,5 теңгеге дейін жетуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel