RU
Шымкентте полицейлер жүкті әйелді базардан сүйреп шығарды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте полицейлер жүкті әйелді базардан сүйреп шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте саудагерлер полицейлермен жаға жыртысты. Нәпақасы үшін пагондылармен алысқан саудагерлер есінен танып, жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте "Қырғы" базарының маңы жабайы саудаға толы. Жергілікті билік өкілдері он жылдан бері бұл проблеманы шеше алмай келген.

Бүгін, яғни 30 шілде күні таңғы уақыттан бері базар алдына жиналған жауаптылар саудагерлермен алысып, бұл маңның астаң-кестеңін шығарды.

Алайда сатушылар сауда орындарын ретке келтіру үшін миллиондаған қаражат жұмсағандарын айтады.

Саудагерлер тіпті базар маңында жұмыс жасау үшін сауда орындарын жалға алып, бір айға ақша да төлеп қойыпты.

"Біз алдыңғы бір айға 100 мың теңге төледік. Ал қазір бізге уақыт бермей жатыр. Әкімге бардық, күтпейді", - дейді ашынған сатушы Айтолқын.

Нәпақасынан айырылғысы келмеген жандар тіпті полицейлермен жаға жыртысты.

Салдарынан кейбіреулері есінен танып қалып, жедел жәрдем қызметі оларға рейд кезінде медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізілді.

Дегенмен жергілікті билік өкілдері саудагерлерге басқа сауда орталығынан орын берілетінін жеткізді.

Шенеуніктер қосымша тегін сауда орындарымен қоса, оларға бос жұмыс орындарын да ұсынамыз деп уәде етті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
6
11
1
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel