RU
ШҚО-да мешіт имамы екі баласымен бірге өзенге ағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да мешіт имамы екі баласымен бірге өзенге ағып кетті

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында имам мен оның екі баласы Қара Ертіс өзеніне ағып кетті. Жексенбі күні болған жағдай туралы altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Боран ауылы имамының 8 жасар ұлы суға түсіп жатып, қатты ағысты игере алмаған.

Батып жатқан баласын көрген 36 жастағы ер адам бірден суға жүгіріпті. Оның соңынан 19 жастағы ұлы да кеткен екен.

Куәгерлердің айтуынша, жағдай көзді ашып-жұмғанша өтіп кеткен. Олардың сөзінше, отбасы мүшелерінің үшеуі де ағысқа қарсы тұра алмай, ағып кетіпті.

Бұл ақпарат құтқарушыларға жеткен соң, бірден іздеу шаралары басталған екен.

Имам мен оның ұлдарын іздеуге ауыл тұрғындары да қатысып жатыр. Қазіргі уақытта бас-аяғы 80 адам өзенде де, оның жағасында да іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
16
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel