RU
Риддердегі қанды оқиға: Өскемен әкімі айыппұлдан да құтылып кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Риддердегі қанды оқиға: Өскемен әкімі айыппұлдан да құтылып кетті

Рассказать Вконтакте

Өскемен әкімі Қуат Тумабаев Риддердегі жол-көлік оқиғасына тек куәгер ретінде қатысқан еді. Ал BMW X5 көлігін айдаған әкім орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа адам қағып өлтірді деген айып тағылған болатын. Ал енді қала әкімі әкімшілік айыппұл да төлемейтін болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото ustinka.kz

Фото ustinka.kz

Жақында Риддер соты Өскемен әкімі орынбасары Бауыржан Құрманбаевты жол-көлік оқиғасына кінәлі деп тауып, оған қоныстану колониясында кінәсін бір жыл өтеу жазасын бекіткен болатын.

Ал облыс орталығының әкімі Қуат Тумабаев бұл істе тек куәгер ретінде ғана қатысып, тәртіптік кеңестен қызметтік ескерту алған еді.

Кейінірек соттың Тумебаевты әкімшілік жауапкершілікке тартқаны белгілі болды. Ол Бауыржан Құрманбаевтың көлігіне сақтандырусыз отырғаны үшін 48 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу қажет болған. Алайда, Өскемен әкімі соттың бұл үкімімен келіспепті. Іс ашық түрде қаралғанымен, Қуат Тумабаевтың адвокаты мен Шығыс Қазақстан облысының ІІД өкілі журналистерді сот залынан шығарып жіберуді өтінген екен.

"Тумабаевтың арызы қабылданды. 16 маусым күні жергілікті полиция қызметі бекіткен әкімшілік айыппұл өз күшін жойды. Іс әкімшілік құқықбұзушылықтың жоқтығынан тоқтатылды",- деді облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші Назгүл Рахметуллина.

Тумабаевтың айыппұл төлемеуінің басты себебі азаматтық-құқықтық сақтандыруға сәйкес тиісті шарт болды. Заң бойынша, бұл келісімнің болмауына автокөлік иесі жауапқа тартылуы керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel