RU
Қырғызстанда тасқұламаның астында қалған қазақстандық азамат мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қырғызстанда тасқұламаның астында қалған қазақстандық азамат мерт болды

Рассказать Вконтакте

Дүйсенбі, 30 шілде күні, Қырғызстан астанасы - Бішкектен 40 шақырым жерде саяхатшылар жаппай тасқұламаның астында қалды. Төтенше жағдай салдарынан қазақстандық бір турист қаза тауып, үшеуі зардап шекті деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

АМППМФЦПМ

СІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, туристер тобының бір мүшесі қайтыс болған.

"Қаза тапқан адам Қазақстанның азаматы болып шықты. Тағы бір турист ауыр халде жатыр. Олармен спутник арқылы байланысқа шықтық. Қазақстандық тікұшақ ұшуға дайын отыр. Бірақ бұлт тым жоғары болғандықтан қона алмайды. Туристерді эвакуациялау таңертең басталуы мүмкін", - деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Белгілі болғаны, саяхатшылар арасында Ресейдің азаматтары да болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel