RU
Алматыда дәрігерлер комаға түскен науқастың туыстарын таба алмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда дәрігерлер комаға түскен науқастың туыстарын таба алмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда дәрігерлер аты-жөні белгісіз науқастың туыстарын іздестіріп жатыр. 40-тар шамасындағы еуропалық нәсілді ер адам 15 күн бұрын арықтардың бірінен ес-түзсіз күйде табылған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасынан алынды

Кадр КТК арнасынан алынды

Ақ халаттылардың айтуынша, науқас өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ми жарақатын алып, жамбас сүйектері сынған азаматқа шұғыл ота жасалыпты. 10 күн бойы комада жатып, жақындаға ғана есін жиған жігіт ағасы қазір ойын ымдап қана жеткізеді.

"Бүгінгі таңда жағдайы бір қалыпты. Реанимациядан бөлімшеге ауыстыруға дайындап жатырмыз. Сол ауыстарған кезде туған-туыстары ары қарай науқасты қарап, ем шарасына көмектессе екен. Оны тауып алғанда өзімен бірге ешқандай құжаттары болған жоқ", - дейді №7 қалалық клиникалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспембетов.
Кадр КТК арнасынан алынды

Кадр КТК арнасынан алынды

Аты-жөнін де жаза алмайтын азамат қазір ауруханада белгісіз адам ретінде тіркелген. Дәрігерлер үстіндегі киіміне қарап оны қаңғыбас деуге келмейді деп отыр.

Ал полицейлер бұл азаматтың жоғалғандығы туралы арыз-шағым түспегенін жеткізді. Қазір жеке басы анықталуда.

Болжам бойынша, ол нәпақа табу мақсатында Қазақстанға басқа елден келуі мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel