RU
Оңтүстікте 2,4 миллион теңге жалақыны кімдер алады?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Оңтүстікте 2,4 миллион теңге жалақыны кімдер алады?

Рассказать Вконтакте

Prosports.kz сайты "Ордабасы" футбол клубының футболшылары мен қызметкерлері қанша жалақы анықтады деп жазады NUR.KZ.

Фото: yk-news.kz. Авторы: Юлия Горбачева

Фото: yk-news.kz. Авторы: Юлия Горбачева
Source: UGC

Басылымының Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйеніп хабарлауынша, "Ордабасыда" жылына орта есеппен 120 адам жұмыс істейді екен. Оған ойыншылар, клубтық және техникалық қызметкерлер кіреді.

"Жалақыға 2,3 миллиард теңге кететінін ескерсек – орта есеппен бір адам жылына 19 млн, яғни айына 1,5 млн теңге алады. Әрине, жалақының басым бөлігі футболшыларға кетеді. Prosports.kz ақпаратына бойынша, ҚПЛ-да қазақстандық құжаты бар ойыншы орта есеппен айына 2,4 млн теңге алады.
ОҚО статистика департаментінің ақпаратына қарар болсақ, оңтүстікқазақстандықтардың ай сайынғы жалақысы орта есеппен – 84 мың теңге. Яғни, "Ордабасыда" жалақы деңгейі нарықтағы бағадан тым жоғары", - деп жазады басылым.

Сайттың мәліметінше, 2015 жылы әр қызметкер орта есеппен жылына 15 млн, 2014 жылы 13 млн теңге алған. 2013 жылы "Ордабасы" өзінің әр қызметкеріне орташа алғанда 9,1 млн теңге жұмсаған. Яғни, жалақы деңгейі "Ордабасының" турнир кестесіндегі жағдайына байланысты өсе берген.

Сіздің реакцияңыз
15
0
3
2
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel