Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашуға булыққан әйел күйеуін порно көргені үшін атып өлтірді

Опубликовано:

АҚШ тұрғыны Патриция Хилл күйеуінің ұятсыз фильмдер жүйесіне тіркелгеніне қатты ашуланып, оны атып тастаған. Зейнеткер жасаған қылмысын полицияға өзі хабарлаған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Патриция Хилл. Фото: Jefferson County Sheriff's Office
Патриция Хилл. Фото: Jefferson County Sheriff's Office: UGC

69 жастағы Патриция күйеуінің порно фильмдер жүйесіне қайтадан тіркелгеніне ызалаланған. Ол жолдасына бірнеше рет ұятсыз фильмдер арналарын көрсеуге тыйым салған болып шықты.

Алайда, 65 жастағы Фрэнк Хилл сүйіктісінің сөзін елемей, ойламаған жерінде қайтыс болды. Ашуға бой алдырған әйел тапаншаны алып оған екі мәрте оқ жаудырды.

Ер адам оқиға орнында бірден көз жұмған. Ал Патриция Хилл қамауға алынып, тергеу жұмыстарының басталуын күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1744943-asuga-bulykkan-jel-kjeuin-porno-krgeni-sin-atyp-ltirdi/

pixel