RU
Ауа-райы: Еліміздің бірнеше аймағында дабылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Ауа-райы: Еліміздің бірнеше аймағында дабылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше аймағында дабылды ескерту жариялады.

Еліміздің бірнеше аймақтарында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше аймақтарында дабылды ескерту жарияланды

31 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

31 шілдеде Орал қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді.

31 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

31 шілдеде Көкшетау қаласында түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, тұман түседі.

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel